3-тапсырма. Сөйлемдерді көшіріп жазып, бұйрық рай формасында қолданылған етістіктерді тауып, талдаңдар.
1. – Сәлмен, астықта жұмысың болмасын, осы жер бетінде тірі
жүргің келсе, тиіспе! деп Омар сілкініп шыға келді. 2. — Кәне,
баланың жолын бір сынайық! 3. Әскерде болғаныңды тірі жанға
тісіңнен шығарушы болма! 4. Бұдан былай оның бір сабақ жібін
әкелуші болма! 5. — Қарағым, атаң апарса, бар, жолың оңдалсын.