3-тапсырма. Мәтінге синтаксистік-кешенді талдау жасаңдар. Семантикалық картаны толтырыңдар.
Қарай-қарай көзі де бұлдырап кетіпті. Итеңдей-итеңдей белі де
талып қапты. Ат суытып алайын деп, жусаны мен жапағы қалың көлдеу
ойдың ортасындағы төмпектің қасына кеп тоқтады. Атын тұсап, отқа
жіберді. Сосын төңірегіне қарады. Ұрының жүзіндей жымпиып жатқан
кең алқап. Ойына бірдеңе түсіргендей иегін қасыды. «Қап, мынау ойға
бекер тоқтаған екенмін, анау қара жалға көтеріліп кідірсемші», - деп
өкінді.
Сосын әлгі отырған жерінен жел жаққа қарай қырық қадам ұзап,
шалқасынан түсіп жата кетсін... Көз алдына тағы да тайқазан ет пен
мөлтеңдеген сірке сорпаның тұра қалғаны. Қапелімде, жер түбінен
түйдек-түйдек көрінген қою шаңды да аңдай қоймапты...
Әбіш Кекілбаев
Мәтін сөйлемдері
Анықтауыш
Толықтауыш
Пысықтауыш