3-тапсырма. Мәтіндегі жалпылау, өздік есімдіктеріне сұрақ қойып,
олардың сөйлемдегі қызметін анықтыңдар.
Әмірші өзіне біреу туралы шағым айтып келген
кісіні ит етінен жек көреді. Сондықтан оған
ешкім бұралқы сөз айтпайды. Өзі тапсырма
бермесе, уәзірлер мен балалары да ешкім
жөнінде ештеңе айтпайды. Құлағы естіген әрбір
ұнамсыз жайларды әшкерелеп отыру өзіне де
оңай емес. Жазықтыға қандай жаза қолданарын
тек өзі ғана біледі. Барлық кернейлер тартылып,
барлық дауылпаз дабыл қақты.
(Ә.Кекілбаев)