3-тапсырма. Мәтіндегі шылаулардың қандай қызмет атқарып тұрғанын түсіндір.
Мен әдеби кітаптарды көп оқимын ғой. Сонау, ХVІІ-ХІХ РР.
жыраулардың, ақындардың өлең-жырларын оқып отырып таңғала
мын. Қазақ тілінің ауқымы қаншама десеңізші?! Күнделікті тұрмыс-
та пайдаланудан шығып қалған сөздерді есептесек, қазір он миллион
қазақ сөзі бар екен. Ондай сөздік қор немістерде де, орыстарда да,
ағылшындарда да жоқ. Соны бірақ қазақтардың өздері де біле бер-
мейді. Олардың тілінің керемет байлығы екендігін. Таяуда маған бір
қазақтың жігіті келді. Жасы отыз екі-отыз үштерде. Үлкен қызмет-
тегі адам. Түрік тілін, ағылшын тілін жатық меңгеріп алған. Ақылы
мол, білімі терең. Өзі өте пысық екен. «Жаңа қазақтардың» бірі. Сол
жігіт айтады: «Осы қазақ тілін қарабайырлау етіп қайта жасауға бол-
май ма? Қазақ тілі тіпті қиындап кетті. Атаулары өте көп. Тек қана
күнделікті өмірге қажеттісін ғана алып, ал қалған сөздерінің бәрін
жойсақ қайтеді. Грамматиканы жеңілдетсек. Синтаксисте шетелдің
сөздерін молырақ қолдансақ, қалай болады екен?» Мен оған қарсы-
лық білдірдім. Не үшін бай тілді жасанды түрде кедейлендіреміз?!
Неге барымызды жоғалтуымыз керек?! Онсыз да көптеген сөздеріміз
Қолданудан қалып бара жатқан жоқ па? Қайта сол бай тілді қайтадан
қалпына келтіріп, оны одан сайын дамытуымыз керек емес пе? өтінем көмектесіндерші 7 сынып Қазақ тілі.
Объяснение:
Бұл жерде шылаулар сөз бен сөзді немесе сөйлем мен сөйлемнің араларын байланыстырып, құрастырып, өздері тіркескен сөздердің ұғымдарына әр қилы реңктер беріп, оларға ортақтасып, қосымша мән беріп тұр.
Менің ойымша осылай.