3 -тапсырма.
Мәтінді тыңда.
e-
Қазақстанның болашағы
бүгінгі жас ұрпақ, бізбіз. Біз тәуелсіз, егеменді елде тұрамыз.
Бұл тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Біздің ұлан-байтақ жерімізді ата-бабаларымыз аман-
есен сақтап, жеткізді. Сол үшін біз оларға қарыздармыз. Олар жанын салып қорғап, ғасырлар
бойы күресіп, жерімізді сақтап қалды. Оны болашақ ұрпаққа сақтап жеткізу -
біздің міндетіміз.
Қазақстан 1991 жылы 16 желтоқсанда өз егемендігін әлемге жариялады. Алпауыт мем-
лекеттер Қазақстанның тәуелсіздігін мойындады. Қазір Қазақстан барлық салада дамып ке-
леді. Оны дамыту, алдыңғы қатарлы 50 елдің қатарына қосу
біздің міндетіміз. Өйткені біз өз
еліміздің жарқын болашағы үшін қызмет етеміз.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың дана бастамасы мен көреген саясатының арқасында
еліміздің экономикасы қарыштап дамып, өркендеп, бүкіл әлемге танылуда. Көк байрақты бей-
біт елімнің мәртебесі күн сайын биіктеп, асқақтап келеді. Қазіргі кезде Елордамызда әлемдік
деңгейдегі кездесулер, жиындар, саммиттер, форумдар өтіп жатыр. Мұның бәрін бүкіл әлем
көріп, тыңдап отыр.
Біздер, жас ұрпақ, болашақта Қазақстанның еңсесі биік, татулығы жарасқан ел болуына,
оның жылдан-жылға гүлденіп, көркейе беруіне өз үлесімізді қосамыз.

5 сұрақ құрастыру керек

darabajkova4770 darabajkova4770    3   05.04.2021 18:50    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi

Популярные вопросы