3-тапсырма. Мәтінді оқы. Мәтінге тақырып қой. «Байқоңыр» — ғарыш айлағы. Қызылорда облысы Қармақшы ауданының
аумағында орналасқан. Іргесі 1955 жылы қаланған. 1957 жылы 4 қазанда
«Байқоңыр» ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырылды.
«Байқоңыр» әлемдегі ең ірі жербеті ғылыми ғарыш полигоны саналады.
1961 жылы 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Юрий
Гагарин Байқоңырдан «Восток» кемесімен ғарышқа аттанып, ғарышты
бағындырды. Байқоңырдан Ай, Марс пен Шолпанды зерттеуге арнал-
ған ғарыш аппараттары бар PT да ұшырылады. 1991 жылы 2 қазанда
қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров «Союз Т-13» ғарыш
кемесімен «Байқоңырдан» ғарышқа көтерілді. Қазақ ғарышкері
Талғат Мұсабаев ғарышта 2 рет (1994, 1998 жылдары) болды.
«Байқоңыр» ғарыш алаңы 1991 жылы Қазақстан Республикасының
иелігіне өтіп, 1993 жылы Ресей Федерациясына 20 жылға жалға берілді.
«Байқоңыр» кешенінен Қазақстан Республикасының аумағына жылы-
на 30-35 мың тонна улы зат таралады. Ракеталардан түскен қалдықтар
Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының табиғатына
көп зақым келтірді.​

Бетти2004 Бетти2004    1   05.05.2021 12:39    9

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi