3 - тапсырма . Мәтінді оқыңдар . Тақырыпқа назар аударып , символ сөздерді анықтаңдар Бөлтіріктің қартайған шағында ақыл сұрай келген бір жас жігіт : - Ақ ата , келген бақ кімге қонады ? Бала ыстық па , байлық ыстық па ? - дейді . Сонда Бөлтірік :- Қарағым , байлық қолға ұстаған мүзың емес пе , бақ ұшып - қонған құсың емес пе , балаң артта қалған ізің емес пе ? Бәрінен жолдас жораңмен , ағайын - туғаныңмен , ел - жұртыңмен сіз - біз десіп өмір сүргенге не жетсін ! Осыларға жүрегің жылы болса , қайғың күл , қуанышың – от , – дейді .