3-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, берілген сұрақтарға жауап бер. Әрбір сөзі бөлек жазылатын күрделі атауларды тап. Ақсу-Жабағылы Кез келген мемлекеттің ең басты ұлттық байлығының, дәу- летінің, іргетасының бірі – оның табиғи қорлары, табиғат бай- лығы. Біздің де сондай мақтан тұтар байлығымыздың бірі – Ақсу- Жабағылы қорығы. Ақсу-Жабағылы қорығы ЮНЕСКО жасаған дүниежүзілік қорықтар тізіміне енген. Бұл қорық Талас Алата- уының Солтүстік Батыс бөлігін және оған көршілес Өгем жотасын алып жатыр. Оның негізгі аймағы Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас, Төле би, Бәйдібек аудандарын және Жамбыл облысы Жуалы ауданын қамтиды.