3-тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңдар. Адам әрекетінің салдарынан табиғи ресурстар қандай өзгеріске ұшырайтыны туралы пікірлесіңдер. Мәтіннен
бірыңғай мүшелерді тауып, қай сөз табынан жасалғанын анықтаңдар.
және
Табиғи ресурстарды
жөнсіз пайдалану, өндіріс
ресурстарды себепсіз
қалдықтарының көбеюі, адам әрекетінің салдарынан табиғи ресурс-
тар аумағы, саны, көлемі азая бастады. Сапасы уытты заттар әсерінен
өзгерді, кеміді. Кейбір табиғи нысандар, әсіресе өсімдіктер мен жануар-
лар дүниесінің кейбір түрлері жойылып немесе жоғалып кету алдында
болды. Азаюы жылдан-жылға арта бастады. Мұндай табиғаттағы кері
өсерлер адамның, қоғамның өзіне де, келешек ұрпағына да зиян екені
анық сезіле бастады. Сондықтан қоршаған ортаның құрамдас бөліктері:
жерді, суды, жер қойнауын, өсімдіктерді, ормандарды, жануарлар
дүниесін қорғау қатынастары пайда болды. Табиғи қорларды қорғау,
оларға тиісті экологиялық жағдай жасау, өсiмiн молайту, сапасын
жақсарту мәселелері де қоршаған ортаны және оның табиғи қорларын
қорғаудың ең негізгі мазмұнын құрады.
(Ә.С. Стамқұлов. «Қазақстан Республикасының экология құқығы»)​

dianajalagonia dianajalagonia    1   12.01.2021 13:35    6

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi