3 - тапсырма . Мәтінді мұқият оқыңдар . Адам әрекетінің салдарынан табиғи ресурстар қандай өзгеріске ұшырайтыны туралы пікірлесіңдер . Мәтіннен бірыңғай мүшелерді тауып , қай сөз табынан жасалғанын анықтаңдар . Табиғи ресурстарды себепсіз және жөнсіз пайдалану , өндіріс қалдықтарының көбеюі , адам әрекетінің салдарынан табиғи ресурс тар аумағы , саны , көлемі азая бастады . Сапасы уытты заттар өсерінен өзгерді , кеміді . Кейбір табиғи нысандар , әсіресе өсімдіктер мен жануар лар дүниесінің кейбір түрлері жойылып немесе жоғалып кету алдында болды . Азаюы жылдан - жылға арта бастады . Мұндай табиғаттағы кері өсерлер адамның , қоғамның өзіне де , келешек ұрпағына да зиян екені анық сезіле бастады . Сондықтан қоршаған ортаның құрамдас бөліктері : жерді , суды , жер қойнауын , өсімдіктерді , ормандарды , жануарлар дүниесін қорғау қатынастары пайда болды . Табиғи қорларды қорғау , оларга тиісті экологиялық жағдай жасау , өсiмiн молайту , сапасын жақсарту мәселелері де қоршаған ортаны және оның табиғи қорларын қорғаудың ең негізгі мазмұнын құрады .