3-тапсырма. Мәтінді қайта оқыңдар. Қанша сөз естеріңде қалды? Тілдік ерекшелігін салыстырыңдар.

Сын-қимыл (БЕЙНЕ) ЖӘНЕ мөлШЕР ҮСТЕУЛЕРІ
Сын-қимыл (бейне) үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің амалын,
сынын, бейнесін, тәсілін білдіріп, қалай? қайтіп? қалайша? кімше?
деген сұрақтарға жауап береді. Олар: әрең, әзер, жедел, шапшаң,
тез, жылдам, тікелей, зорға, ақырын, бірден, шалқасынан, балаша,
емін-еркін, бостан-бос. Сын-қимыл (бейне) үстеуі көбінесе
етістікпен тіркесіп жұмсалады. Мысалы: ақырын жүрді, тез келді,
бірден сөйледі, шалқасынан құлады, балаша мәз болды, емін-еркін
отырды, бостан-бос жүрді т.б.
Мөлшер үстеуі қимылдың немесе сынның мөлшерін, көлемдік
дәрежесін, шама-шарқын білдіреді де, қанша? қаншама? қанша-
лық? қаншалап? және кейде қалай? қалайша? сияқты сұрақтарға
жауап береді. Олар: Онша, сонша, мұнша, анағұрлым, едәуір, біраз,
бірталай, неғұрлым, бірен-саран, азды-көпті. Мысалы: онша
жараспайды, анағұрлым көбейді, едәуір өсіпті дегенде онша,
анағұрлым, едәуір мөлшер үстеулері жараспайды, көбейді, өсіпті
деген етістіктермен тіркесіп, қалай? қанша? деген сұрақтарға жауап
беріп, қимылдың шама-шарқын білдіріп тұр.​

123451526 123451526    1   18.02.2021 10:21    21

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi