3-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқыңдар. Тау дейтін алып жүрек Ана туған

Мен – таулықпын!

Таудан мен жаратылғам.

Киіктің сүтін еміп ержеткенмін

Қуат алып қыранның қанатынан

Мен – таулықпын!

Таудан мен жаратылғам.

Бұлт бүркеніп, жай отын ала туғам

Күн алғашқы сәулесін маған шашып

Маған келіп түнейді қара тұман

Тау ұлымын

Тау –менің дәу бесігім

Мен оның әуресімін, сәулесімін.

Асқар шыңдар желпиді бесігімді

Бір орамын ағытып сәлдесінің.

Мен – таулықпын!

Таудан мен жаратылғам.

Тау деген Ана туған дара тұлғам

Тауға барып Көкке ұшып кетсем бе екен

Ұстап алып қыранның қанатынан.

Сұрақтарға жауап бер.

1. өлең не туралы?

2. өлеңдегі қыран құсты «таулыққа» теңеуге бола ма?

3. ақын неге өзін «таулықпын» деп атайды?

4. тауды кімге теңейді?

5. өлеңде тау ұлының қандай қасиеті сипатталған?​

047oksana 047oksana    1   27.10.2020 11:32    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi