3-тапсырма. Көркем шығармадан алынған үзіндіні оқы. Автор бейнесін анықта. Хикаяттан үзінді Туындаған сұрақ Менің тұжырымым

Біз санымызды шапақтап уралап, ауылдың шетіндегі ат қораға қарай

жүгірдік. Арт жағы аласа тас қораның үстіне тырмыса-тырмыса шығып

алдық та, сол күні ғана Қараойдан әкелінген көк жауқазын шөпті үңгіпүңгіп жіберіп, отыраотыра кеттік. Жасы нешеде?

Біз ертегілердің бәрін Аянның өзі күнделікті ойлап шығаратынын

білсек те, оған пәлендей мән бермеуші едік. Бар білетініміз: Аян күнде неше

түрлі ертегілерді ойлап кеп, кешкілік бізге айтып беруі керек, ал біз ұйып

отырып тыңдағанды ғана білеміз. Ертегі ойлап шығару оңай ма, қиын ба, ол

жағында еш шаруамыз жоқ. Автордың Аянға деген көзқарасы қандай?

Үйге келсем, төсектер салулы, бірақ ешкім жатпапты. Атам екі көзі

қанталап, терісіне сыймай тырсылдап ашулы отыр, апам көзін сығымдап

жылап отыр. Не болды екен деп шошып, босағада тұрып қалдым.

– Өй, аузыңды ұрайын, жаман неме! – деді атам жекіріп. – Тұржанның

тепкісін Аянмен бірге көрсең етті... Жаны тәтті шірік, көрінбе көзіме!..

Мен үн-түнсіз жер шұқылап босағада тұрдым-тұрдым да, мұнан өзге

ештеңе айтылмаған соң, аяғымды, сырт киімімді шешіп, төрге өттім. Тамақ

сұрап ішуге бата алмай, сыбдырсыз шешініп, төсегіме жаттым. Атасы неге ашуланды?

Кейіпкердің әрекетіне сен қандай баға берер едің?

Lena111115 Lena111115    3   05.02.2021 07:29    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi