3 -тапсырма.
Диалогті рөлге бөліп оқыңдар.
Әлібек, сенің электронды поштаң бар ма?
Әрине, бар. Сенің ше?
Менің электронды поштам жоқ. Маған пошта ашып берші. Оны қалай ашады?
Оны ашу оңай. 10-15 минут уақыт кетеді.
Шын ба? Қалай ашуға болады?
Бірінші пошталық серверді таңдаймыз. Екінші, «пошта ашу» жазуын тауып, тінтуірдің оң
нағын басамыз,
Пошта жәшігі ашылды ма?
Жоқ. Үшінші, ашылған терезеге аты-жөніңді, логиніңді жазамыз. Электронды поштаңа
құпия сөз қоюың керек. Қандай сөзді таңдайсың?
Ол не үшін керек?
Сенің поштаңды басқа адамдар ашпау үшін құпия сөз қажет.
Менің туған күнімді жазайық!
- Төртіншіден, соңғы терезеге сенің телефон нөміріңді жазамыз. «Тіркелу» деген сөзді
тінтуірмен басамыз. Болды, енді сенің жеке электронды поштаң бар. Өзіңнің жақын достарыңа
хабарлама жаза бер. Құттықтаймын!
Рақмет, Әлібек! Сен нағыз доссың.
ЖАЗЫЛЫМ​

karrr123 karrr123    1   05.03.2021 06:20    28

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi