3-тапсырма
Берілген жоспар бойынша тыңдаған мәтіннің мазмұнын жаз.
Жоспар:
1. Су – тіршілік көзі
2. Судың қолданылуы
3. Суды үндемдеу
Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында
Су – тіршілік көзі. Су деген табиғаттың бізге берген сыйы. Сусыз жер бетінде тіршілік жоқ. Су болмаса біз өмір сүре алмаймыз. Адамдар суды көп қолданады.
Суды біз күнделікті өмірде барлық заттарға пайдаланамыз. Бір адам тәулігіне 500 литрге дейін су жұмсайды. Оны біз ішеміз, жуынамыз, тамақ пісіруде қолданамыз. Сондықтан суды үнемдеп, тазалығын сақтау керек. Суға қоқысты тастауға, ластауға болмайды.
Су –тазалық досы. Суды үнемдеу – әр адамның міндеті.
Қыс –ғажайып мезгіл. Оның табиғаты ерекше сұлу. Қыста қатты аяз болады, боран соғады.
Үсен ерте тұрды. Далада боран соғып тұр. Үсен жүгіріп терезеге келді. Терезе алдында өсіп тұрған ағашқа қарады. Боран ағашты майыстырып, жан-жаққа жұлқып тұр.
Үсен досын аяп кетті:
- Шыда, ағашым. Боран басылады. Мен саған күтім жасаймын. Сен үлкен болып өсесің, - деді.