3-тапсырма.Берілген үзінділер бойынша пікіріңді «Төрт сөйлем» тәсілімен жазыңыз. 1. Пікір. Үзінді бойынша өзіндік пікірін бір сөйлеммен жазады.
2. Дәлел. Өз пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді
3. Мысал. Пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді.
4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарады
Қой, жігіттер, күн болды ойланарлық,
Білім, әдет, ақылды ойға аларлық.
Надандықтан еліріп босқа жүрсек,
Мына заман көрсетер бізге тарлық!
Өзің біліп біреуге қылсаң жарлық,
Асыл сол –ақыл, білім бойда барлық.
Айла, өтірік, арсыздық өнер емес,
Мен де анаудай болсам деп таласарлық.
Дескриптор:
1. Ақынның пікірін анықтай алады
2. Дәлел келтіреді
3.Өмірмен байланыстыра алады.
4. Үзінді бойынша қорытынды жасайды.