3-тапсырма. Берілген сөздердің орнын ауыстырып, бастапқы түрімен салыс- тырғанда қандай мағыналық айырмашылығы бар екенін айтыңдар. Үлгі: Күн ашық. Жылы үй. 1. Күн ашық (сөйлем) – ашық күн (сөз тіркесі). 2. Жылы үй (сөз тіркесі) уй жылы (сөйлем). Жақсы жол. Бала бақытты. Бұлтты аспан. Қою сия. Қар аппақ. Бүркіт қара. Түлкі қызыл. Биік тау. Жайқалған жапырақ. Сағат тоғыз. Қалың тұман. Болған оқиға.