3-тапсырма. Берілген сөйлемдерден к қабыса байланысқан сөз тіркестерін табыңдар.
Тікелей қабысу:
Сатылай қабысу:
1. Күніге бес жүзден жеті жүзге дейін осы жұмыр басты пенделерге
реніштерін білдірген, ыза мен кекке толы шағымдар жер астының
түкпір-түкпірінен үсті-үстіне толассыз ағылып кеп жатады (Е.А.). 2. Екі
жағында қуарған қалың шилері бар, жауыннан кейін беті тобарсыған
қара жолда қатар жүрген екі жолаушының ізі шұбап жатыр (Ш.А.).
3. Кер бие дымқыл көк шөпті анда-санда бір шалып, күрт-күрт
шайнап, біресе пысқырып, біресе «дұрыс қой, дұрыс қой» дегендей
басын шұлғып қояды (Т.Ә.). 4. Қарсы алдынан жанға жайлы алтын
күрек самал жел есіп қоя берді (қ.ж.). 5. Торы шолақты қаңтарып,
тұсап, көк құнанды оның мойнына байлады да, отырып кітап оқуға
айналды (Ж.А.).