3-тапсырма. Берілген нақыл сөздер тағылымын өз сөздеріңмен түсіндіріңдер. Етістіктің шағы мен жағын анықтаңдар. 1. Жердің соны шөбін киік білер, жайылым жердің көгорай шал- ғының құлан білер. 2. Айырым-айырым жол сүрлеуін түйе білер, жеті бұлақтың көш иісін түлкі білер. 3. Ердің батқанын ат білер. 4. Ауыр жүктің тауқыметін тұлпар білер, қай жерде сулы саз барын бөкен білер.