3-тапсырма. Автордың кітап туралы ойларын мұқият оқы. Үстеу сөз
қолданылған сөйлемдерді көшіріп жаз.

Ғабит Мүсірепов: «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың кейінгі
ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ой-
лаудан да тыйылар едік», – деген. Бүгінде кітапты таңдай білу,
оны зейінді зеректікпен мұқият талдап оқи білу – нағыз өнер. Сон-
шама сөздің, ойдың құдіретін түсініп, одан алған керемет әсерлерді
кейінгі өмірлік қажетіңе шама-шарқынша жарата білу қажет.
Көз жетпейтін жерге ұшқыр ой жетеді. Ал сол ойдың жүйріктігін
жетілдіретін де, сөзге шешендігін шынықтыратын да - кітап
екені ақиқат. Сондай-ақ оқыған кітабыңдағы айтулы кейіпкерге еліктеудің өзі, тіпті автордың өзі сияқты түлға болуга күлшыну,
бұл - тендесі жок күбылыс. Демек, кітап оку, бүл- текті кісілікке,
адамгершілікке, кемеңгер көрегендік пен мәдениеттілікке қол
жеткізу.​

kartew kartew    1   27.04.2020 13:56    25

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi