3-тапсырма А)Кестедегі құстар мен жәндіктерді іс-әрекетіне қарай сәйкестендіріңіз. ( )

1. Көкек А) дауысы қарлыққанша қарқылдаса, көп уақыт өтпей-ақ жаңбыр жауатындығын білдіреді.

2. Өрмекші Ә) бүрісіп, қанат-жүндерін үрпитіп, дамылсыз шырылдай беретін болса, ұзақ уақыт өтпей-ақ күн бұлттанып, жаңбыр жауатындығын білдіреді.

3. Бақа Б) күн шыққан кезде немесе ақшам уағында бірінен соң бірі 2-3 рет жылағандай дауыс шығарса, күн бұлыңғырланып, жаңбыр жауатындығын білдіреді.

4. Құмырсқа В) ағаш басында бір ұшып, бір қонып тынымсыз шықылықтаса, күн бұлттанып, жауын-шашын болатынын білдіреді.

5. Сақау кептер Г) бақылдай берсе, қатты жаңбыр жауатындығын көрсетеді.

6. Үкі Ғ) сайраса күн ашық, ауа температурасының біршама жоғары болатындығын білдіреді.

7. Бал арасы Д) ол мойнын табиғи созып, ақырын сайраса, даусы салмақты шықса, ауа райының ашық болатындығын білдіреді.

8. Торғай Е) өзі тоқыған торының жағасына барып алса, жаңбыр жауады.

9. Сауысқан Ж) сыбызғының дауысындай үн шығарса, күннің ашылатындығын білдіреді.

10. Қарға З) илеуінен биік жерге көшсе, жаңбыр жауатындығын білдіреді.

11. Сарғалдақ И) алысқа кетпей, ұясына қайта-қайта кіргіштей берсе немесе ұясына кіріп алып, қонақтаса ертеңінде жаңбыр жауатындығынан дерек береді.

Zulik007 Zulik007    1   28.11.2020 08:13    6

Ответы
Ddoj Ddoj  12.02.2021 19:00

1. Ғ

2. Е

3. Г

4. З

5. Д

6. Б

7. И

8. Ә

9. В

10. А

11. Ж

Объяснение:

Көкек

Көкектің сайрауы күннің ашық, температураның біршама жоғары болатындығынан дерек береді.

Өрмекші

Өрмекші, өзі тоқыған торының жағасына барып алса, жаңбыр жауады. Егер тордан шығып, жаңа тор тоқи бастаса, күннің ашық, ыстық болатынынан дерек береді.

Бақа

Бақа әдетте құрғақ ыстық ауа райын жақсы көреді. Жаңбыр жауудың алдында күн бұлттап, ауаның ылғалдылығы барған сайын арта түседі. Бұл кезде терісі арқылы тыныс алатын бақаның тыныс алуы кедергіге ұшырайды да, беталды бақылдай береді. Міне бұл қатты жаңбыр жауатындығын көрсетеді.

Құмырсқа

Құмырсқалар илеуінен биік жерге көшсе, жаңбыр жауатындығынан дерек береді. Жаңбыр жауудың алдында ауаның ылғалдығы артып кететіндіктен, құмырсқалардың ұясының іші ылғал әрі тымырсық болады. Бұл кезде құмырсқалар биік жерге көшіп, ылғалдан сақтанады.

Сақау кептер

Сақау кептер ағаш бұтақтарына бүгініп алып, мойынын ерекше созып сайраған дауысы булығып шықса, күн бұлтты болып, жаңбыр жауатындығын білдіреді.

Үкі

Үкі жаз, күз маусымында, күн шыққан кезде немесе ақшам уағында арт-артынан 2-3 рет жылағандай дауыс шығарса әрі бұтақтан-бұтаққа қонып тыным таппаса, күн бұанатыінередраны.

Бал арасы

Бал аралары таң сәріде ұясынан ұшып шықса, сол күні күннің ашық болатындығынан, гүл шырынын жиып, ұясынан өте кеш қайтса, 2-ші күні де күннің ашық болатындығынан, егер бал арасы алысқа кетпей, ұясына қайт-қайт кіргіштей берсе немесе ұясына кіріп алып, қонақтаса ертеңінде жаңбыр жауатындығынан дерек береді.

Торғай

Күн ашық күндері торғайлар таң-сәріден топтанып ұшып, ағаш бұтақтарын қонып сайраса, күннің үздіксіз ашық болатындығынан, егер торғайлар бүрісіп, қанат-жүндерін үрпитіп, дамылсыз шырылдай беретін болса, ұзақ өтпей-ақ күн бұлттап жаңбыр жауатындығынан дерек береді.

Сауысқан

Сауысқан таңертең қора маңындағы ағаштарға қонып алып шықылықтаса немесе жерге түсіп шықылықтай секектеп жүрсе, күн ашық болатындығынан, егер ағаш басында бір ұшып, бір қонып тынымсыз шықылықтаса, күн бұлттанып, жауын-шашын болатынынан дерек береді.

Қарға

Қарға ұдайы жоғары дауыспен, даусы қарлыққанша қарқылдаса, 1–2 күннен кейін, қатты жаңбыр жауатындығын білдіреді.

Сарғалдақ

Сарғалдақ мысықтың мияулағанындай дауыс шығарса, күннің бұлыңғыр болатындығынан, егер сыбызғының дауысындай үн шығарса, күннің ашылатындығынан дерек береді.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi