➢ 3-тапсырма, 136-бет. Мәтінді оқыңыз. 1 негізгі және 1 қосымша ойды анықтаңыз. (жазбаша/письменно) Күзгі күн еді. Күнұзаққа екпіндетіп соққан долы жел кешке қарай басылып, әлем жүзі құлаққа ұрған танадай мүлгуде.
Дала көңілсіз. Сарғайған шөп, мал тұяғымен қырқылып, тақырланған жер. Қызықты жаздың құлпырған жері жоғалған секілді. Мына кішкене шалшық су бұдан екі-үш ай бұрын шалғыны балбырап жаткан көгал еді. Енді шалғынның әр жерінде бір түбірі ғана қалыпты. Бұл түріне қарап, мына жерде көгорай шалғын болды деп кім айтады?!