3. Мәтінді оқып, барлығын біріктіретін ортақ құндылықты анықта. Пікіріңді дәлелде. Конфуций: «Тек адамсүйгіштік қасиет қана адамды басқаларды сыйлайтын, ешкімнің алдынан кесіп өтпейтін, шындықтан басқаға мойын бұрмайтын, батыл да байсалды, ілтипатты, достыққа берік, сөзге ұстамды, көмекке дайын етіп қалыптастыра алады. Өзің қаламайтын қылықтарды сен де басқаларға жасама». Платон: «Мінсіз мемлекет жасаудың жолы – оқу, ал тәрбие ісінің басты міндеті адамдарды ізгі ниетті, ержүрек, таза, өнерлі азаматқа айналдыру». Аристотель: «Ең жақсы адам – ұлылық дәрежесіне жеткен кең- пейілді, қайырымды адам. Ол өзін мақтағанды, басқа біреулерді жамандағанды сүймейді, ол өзінің күштілігін әлсіздердің арасында көрсетпеуге тырысады. Қайырымды, ақпейілді кісінің жүрісі жай- лы, дауысы төмен, сөзі мазмұнды болуға тиіс». Жүсіп Баласағұн: «Сөз қанша көркем, қанша сұлу болса да, әділеттіліктен ауытқыса, оның құны болмайды». Махмұд Қашғари: «Әдеп басы – тіл, тәрбие басы – тіл». Ахмед Иүгінеки: «Дүниенің, әлемнің сырын, құпиясын аша- тың кілт көкірегі ояу, көзі ашық, оқыған, білімді адамдардың қолында». Әл-Фараби: «Адамның болмысы білім, мейірбандық, сұлулық секілді үш қасиетінің бірлігімен өлшенеді».