3.Мәтін ішінен етістіктерді тауып, қай шақта тұрғанын жаз
Вот текст
Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматов-қырғыз халқының ұлы жазушысы.Ол 1928 жылы туған.Қазақ жазушысы –Мұхтар Әуезов: «Орта Азия мен Қазақстанда Шыңғысқа тең келер қаламгер жоқ.Шыңғыс-қазақ ,қырғыз халықтарының ортақ перзенті»,-деген еді.

Ш.Айтматовтың балалық шағы Ұлы Отан соғысы (1941-1945) кезінде өтті.Сондықтан ол шығармаларында ауыл өмірін ,қарапайым еңбек адамдарының соғыс кезіндегі, соғыстан кейінгі өмірін суреттеген. Ш.Айтматовтың шығармалары әлемнің 100-ден астам тіліне аударылған.

Жазушы «Ана-Жер-Ана» повесінде Ұлы Отан соғысы кезіндегі қиындықты баяндайды.Онда бір отбасының өмірі суреттеледі.Негізгі кейіпкері-Толғанай. Оның жұбайы мен үш ұлы соғыста қаза табады. Одан кейін келіні қайтыс болады.Толғанай жалғыз қалады. Бірақ өмірден түңілмейді.Толғанай өзінің қуанышы мен қайғысын Жер-Анаға айтады .Себебі Жер-барша адамзаттың анасы ,асыраушысы.Жер-Ана Толғанайға таусылмайтын күш-жігер береді. Толғанай-соғыс кезінде қиындық көрген аналардың жиынтық бейнесі.Толғанай аналардың көрген қайғы-қасіретін барлық адамзатқа айтқысы келеді.Жазушы Толғанай образы арқылы қарапайым адамдардың қажыр-қайратын,ерлігін бейнелейді.

MarKizaCat666 MarKizaCat666    3   10.03.2021 10:42    1

Ответы
irkorwp0dj0n irkorwp0dj0n  09.04.2021 10:42

туған, өтті, суреттеген,аударылған,өткен шақ

баяндайды, суреттеледі, қаза табады ,қалады, түңілмейді ,айтады ,береді ,келеді ,бейнелейді -келер шақ

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi