3. Мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беріңіз. Әрбір мемлекеттің болашағы кімдер деп ойлайсыңдар?
Қазіргі жастар смар¬т¬¬фондар мен әлеуметтік желі¬лерде не қалдыруға әуес?
Мәтін:
Жастық шақ – адам өмірінде күннің көтеріліп келе жатқан шуағы тәрізді. Бүгінгі күні жастар да қоғам өмірінде өз белсенділіктерін танытып келеді. Жылдан-жылға жастардың белсенділігі артып, үкімет тарапынан да көңіл бөлініп, қолдаулар көрсетілуде. Кез келген мемлекеттің болашағы – білімді жастар.
Көптеген оқушылар, оқулықтан гөрі, ұялы телефондарына көбірек көңіл бөледі. Әрине, виртуалды әлем, сабақ оқудан қызықты. Бірақ, жастар өз болашағы туралы қазірден бастап ойлануы керек. Оқымаған және сауатсыз адам, ересек өмірде табысқа жете алмайды. Білімді адам, кез-келген қиын жағдайдан шығатын жолды тауып, өмірде көп нәрсеге қол жеткізуге шамасы жетеді. Сондай-ақ ақылды адамдармен қарым-қатынас жасау оңай әрі қызықты, өйткені, әртүрлі тақырыптарда әңгімелесе алады.
Бүгінгі өскелең ұрпақ нағыз білімді, жан - жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген, ұлт жанды азамат болуы керек. Жас кезде адамның екпіні тасып, бойындағы күш-жігерін қайда жұмсарын білмейді. Бүгінгі жастар техноло¬гия¬ның түрлі жетістіктеріне, смар¬т¬¬фондар мен әлеуметтік желі¬лерде пікір қалдыруға әуес. Мұны тек сыни жағынан қарамай, жастар¬дың қоғамдық ойға араласуы деп қабыл¬даудың да реті бар. Өйткені, қазір технологияның жетістіктерін тиім¬ді пайдалану арқылы көптеген дүниеге қол жеткізуге болады.
Бүгінгі жастар бәсекеге қабілетті, интеллектуалды ойлау жүйесі бұрынғы буынмен салыстыруға келмейді. Жаңа технологиялар қарыштап дамыған заманда олар тез үйренуге, кез келген ортаға бейімделуге ұмтылуда. Өз өмірлерін техникамен байланыс¬тырған жастардың әдебиетке деген құлшыныстары төмендеге¬нін байқауға болады. Ал ғылымға деген ынтасы бар жастар жоқ емес. Алдына нақты мақсат қоя білген адам ғана жетістікке жетері сөзсіз.
Қазақстанның болашағы - қазіргі ұрпақтың қолында.
1) Әрбір мемлекеттің болашағы ақылды, әрі білімді жас ұрпақ, жасөспірімдер.
2) Қазіргі жастар смартфондар мен әлеуметтік желілерде технологияның жетістіктерін тиімді пайдалану арқылы пікір қалдыруға әуес болып келеді.