3. Екі топқа бөлініңдер. Төмендегі Абайдың өмірбаянын үлгі ретінде алып, Абылай хан мен Құрманғазының өмірбаянын жазыңдар.
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы
Туған жері: қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы.
Тұлғалық даралығы: қазақ халқының ұлы ақыны, кемеңгер ойшыл,
жазба әдебиетінің негізін салушы, аудармашы, ағартушы ұстаз, әділ
би, заңгер, қоғам қайраткері.
Өмір жолы: Абай медреседе 3 жыл, Семейдегі «Приходская шко-
лада» 3 ай оқиды. 13 жасынан бастап әке ықпалымен оқудан қол үзіп,​

mivliev38p08iax mivliev38p08iax    3   10.12.2020 22:20    7

Ответы
s0nnka s0nnka  09.01.2021 22:23

3-тапсырма

Абылай хан

Туған жері: Түркістан, Қазақстан.

Тұлғалық даралығы: Абылай дарынды хан, аса ірі қайраткер, қолбасшы болды. Әбілмәмбет ханның тірі кезінде қазақ халқы оны өзінің қорғаушысы, көсемі санады. Ол патша өкіметінің губернаторларының ыңғайына жүрмеді. Елінің еркіндігін, бостандығын қорғай білді.

Өмір жолы:Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, қанішер Абылай атаныпты. Абылайдың 13 жасар кезі болса керек. Төле бидің тәлім-тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады. Қазақ даласының даналығын бойына жинаған баба ақылы мен парасатын, ел билеу қабілетін, анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы біріксе ғана тойтарыс бере алатынын жас баланың санасына ұялата білген. Оған қоса бала кезінен көрген жұпыны тіршілік, өмірлік тәжірибе Абылайдың ел өміріне ерте араласуына себепші болды. 

Шығармашылығы: Абылай хан тек жақсы хан болғандықтан емес, ол тіпті күйлер жазған. Сол себептіде танымал болды.

Атақты хан 1781 жылы қайтыс болды.

Құрманғазы

Туған жері:Қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданына қарасты Жиделі деген жер.

Тұлғалық даралығы: Қазақтың ұлы күйші-композиторы. Қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі.

Өмір жолы: Құрманғазының бала кезінен - ақ ең айткыш тілі, ең сезімтал тілі қос ішекті домбыра көмейінен шығатын күй тілі еді. Сондықтан да, ол сахараның даңғыл көкірек дәулескер күйшісі Соқыр Есжанды алғаш көпіп тыңдасымен-ақ домбырасынын тілін мен дінін түсініп, ұйып тыңдайды. Сондықтан да, өзінің замандастары Шеркеш, Байжұма, Баламайсаң сияқты күйшілердің күйін құныра тартып, сол күйлерден уақыттың ең шыншыл сырын ұғады. Ал Құрманғазының ұстазы - Ұзақ болатын.

Шығармашылығы: күй мен жыр шығарады, композитор. Құрманғазы әр оқиғаға байланысты күй немесе жыр шығарып халыққа жеткізеді.

Күй атасы 1889 жылы қайтыс болды.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi