3-деңгейлі тапсырма. Студенттер емтиханға дайындалмады. Оқытушылар мен ЖОО жағынан болатын жағымсыз салдардан қауіптенген студенттер жарылғыш зат қойылғаны туралы айтып, университетке телефон соқты. Қауіп-қатерге байланысты университет қызметкерлерінің бәрi мекемеден шығарылды. Полиция қызметкерлері жарылғыш затты табу мақсатында алты сағат бойы мекемені тексерді. Ондай ештеңе табылмады. Қандай құқық нормалары бұзылды? Студенттер қандай жауапкершілікке тартылады? Студенттерді әкімшілік жауапкершілікке тартуға бола ма? Не істеу керек?