3- БӨЛІМ Берілген такырыптардың бірін таңдап , әдеби эссе жазыныз . Кейіпкерлердің қарым - қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талданыз . Ойдың жуйелi берiлуiне , тiл тазалығына көңіл аударыңыз . [ 5 ] 1. « Жусан иісі » шығармасында Аянның достарымен карым - катынасы , ағасына деген сағынышы калай көрініс тапты ? 2. Тортай бейнесi мен балалык ак арманы шығармада калай сипатталды ? Кажымұқанның адамгершiлiк касиеттерi шығармада калай көрiндi ?Көмк
Аянның мінезі өте қызық еді. Бірде ол тұйық мінезді, ал бірде оны мүлде танымай қаласың. Ол көп ойындарға қызығып, араласа бермеуші еді. Бірақ осы кеште ол бәрін таң қалдырады. Оның шанасына қанат біткендей болады. Осыны көріп Сайын Мұратбеков онымен бірге шана тепкісі келеді. Ол үйде шанасын іздеп жатқанда, әжесі оны ұстап алып, төсегіне жатқызады. Осы кештен кейін Аян дағдылы шана тебетін болды. Ол балаларға ертегісін айтып, тәмәмдаған соң, біреуімізден шана сұрап, сырғанақта жападан жалғыз түнге дейін ойнайтын болды. Бір күні барлық ауыл балалары Аянның ертегісін тыңдауға жиналғанда, Аян көкесінің, өзінің киімінен жусанның иісі шығатынын айта бастады. Оның көңіл - күйі осы кеште керемет еді. Онан соң балалар Аянға шана беру кімнің кезегі жөнінде килігеді. Аян осы түні ерекше қызықты: бір көзді дәу туралы ертегісін бастайды.