3 3 тыңда. Мәтінді оқы. Түсініксіз сөздерді тап. Көшпенді түркілерді әрқашан аспан әлемінің құпиясы қызықтырған. Кең далада өмір
сүрген ұлы көшпенділер ежелден аспан әлемінің құпиясын меңгерген. Техника жоқ кез-
де қазақтар аспан денелерінің қозғалысын білген. Аспан әлемін бақылайтын адамдар
болған. Аспан, жұлдыз әлемін бақылайтын адамдарды «жұлдызшы» деп атаған. Қазақ
жұлдызшылары ежелгі дәуір мен орта ғасырда аспан денелерінің қозғалысын бақылаған. Он-
дай жұлдызшылар Ежелгі Мысырда (Египетте), Үндістанда, Грекияда да болған. Олар аспан
құбылыстарын зерттеген, күнтізбе есебін жүргізген.
Ежелгі түркі жұлдызшылары «Жетіқарақшы», Үркер, Темірқазық, Босаға, Таразы
жұлдыздарын ашқан. Жұлдызшылар ауа райын, көктемнің келуін, жаздың шығуын болжаған.
Бұл мәліметтер көшпелі түркілер үшін өте маңызды болған. Көшпенділер жұлдызшылардың
бақылауын тұрмыста пайдаланған. Кейбір жұлдызшылар астрологиямен айналысқан.
Қазақтар ұлы түркілердің ұрпағы. Қазақтар жазда жайлауға, көшіп, қыста қыстауда тұрған.
Қазақстан археологтері Орталық Қазақстандағы Жанғабыл өзенінің маңынан
VIII-X ғасырларда өмір сүрген жұлдызшының зиратын тапқан. Зиратта жұлдызтас, метеорит
болған. Зираттың жанына гранит мүсін қойылған.
зделайте 5 вопросов по тексту и нужно слова записать в том порядке как в тексте написано