2сынып

өзің қыста қандай жұмыстар атқарасың? әңгімелеп жазу керек, комектесиндерши ​

ruslan189kalin ruslan189kalin    1   20.01.2020 17:24    13

Ответы
Hexihexi Hexihexi  11.10.2020 01:58

Қыс мезгілі де келіп жетті. Айнала ақ ұлпа қарға оранып, аппақ болып жатыр. Қыс мезгілінде аяз болғанымен, бұл балалар үшін өте қызық мезгіл. Себебі, балалар қыста шаңғы мен коньки теуіп, төбешіктен шанаға мініп сырғанайды. Енді кейбіреулері қардан аққала жасап, басқалары қар лактырысып ойнайды.

Қыс мезгілі сонымен қатар барша адам тағаттана күтетін Жаңа жыл мерекесімен ерекшеленеді. Жаңа жыл алдында оқушылар кезекті демалысқа шығып, армансыз ойнап, біраз тынығады.

Жаңа жыл қарсаңында біз тұратын Қарағанды облысының аймағында ауа температурасы күрт төмендеп, қалың қар жиі жауады.

Осындай қар қалың түскен күндері мен әкем мен ағама қар күреуге көмектесемін. Сонымен қатар ағам екеуміз демалыс күндері отын жарып, келер аптаға дайындап қоямыз.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi