26. Мәтінді мұқият оқып, тақырыбын анықта Индустрияландыру жолындағы мақсат-міндеттерді іске асырудағы арнайы экономикалық аймақтар мен парктердің үлесі зор.Дайын инфрақұрылым, кәсіпкерлер үшін қарастырылған жеңілдіктер, өзге де қызмет түрлері жаңа өндірісті жолға қоюға көп қолдау берері анық. Сондай индустриялық парк Таразда ашылды. Нысан дайын өндірістік және әкімшілік ғимараттары мен қоймалары бар 41 гектар алаңдар орналасқан. Мұнда 20-ға тарта шағын және орта кәсіпорын шоғырланды. Қазірдің өзінде 4 кәсіпкер темір бұйымдарын шығаратын цех ашуға ниет білдіріп отыр. Келешекте дәл осы жерден бизнес инкубатор ашу да жоспарланған.
Қарлығаш Аралбекова, Жамбыл облыстық кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы:
- Бұл Үкімет үшін өте тиімді. Өйткені инфрақұрылымды түгелдей қайтадан өткізу ол бірнеше өте үлкен қаражатқа түседі. Басқару компаниясын ашу мәселесі, банкпен, бізбен келісімдер қазір болып жатыр. Жуық арада бизнес инкубаторды ашуды осы жақын арада көздеп отырмыз. Специалистер, бухгалтер болсын, юрист болсын, айти технолог болсын, облысымыздың басқа да кәсіпкерлерге тегін қызмет көрсету.
Осындай индустриялық аймақ Маңғыстау облысында да жұмысын бастады. Мұнда кәсіпкерлерге барлық жағдай жасалған. Іскер азаматтар парктің бірнеше тиімділігі бар дейді.
А) Заманауи индустрия
В) Индустрияландыру: ұлттық өндіріс тарихы
С) Қазақстан индустрияландыру жолында
Д) Ұлттық өндіріс жетістіктері
Е) Отандық өнімдер
2. Мәтіннің бірінші бөлімінен термин сөзді тап
А) Гектар
В) Тараз
С) келешек
Д) Нысан
Е) Жоспар
3. Кәсіпкер Қарлығаш Аралбекова немен айналысады?
А) Бизнес инкубаторды ашуды жоспарлады
В) Жеңіл әрі берік пенопласт бұйымдарын шығарумен айналысады
С) 110-120 КВТ трансформатор шығарады
Д) Индустриалдыаймақтарды басқарушы компания басшысы
Е) Бухгалтер
4. Мәтіндегі ақпарат бойынша Қазақстанның индустрияландыру жолындағы жаңаша идеясын көрсет
А) Бір терезе қағидасы
В) Индустриялық парк
С) Жұмыс орындары
Д) Инвистициялық тартымдылықты арттыру
Е) Басқару компаниясын ашу
5. Мәтіннің жанры мен стилін анықта
А) Сұхбат, ғылыми стиль
В) Сұхбат, публицистикалық стиль
С) Сұхбат, ауызекі сөйлеу стилі
Д) Сұхбат, көркем әдебиет стилі
Е) Сұхбат, ресми іс- қағаздар стилі

gelik7575 gelik7575    2   01.02.2021 21:07    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi