23. Мәтінді оқы. Құстардың ішінде ең қырағысы – сұңқар. Оның көзінің өткірлігі сондай – бір шақырым жердегі кішкентай жәндікті оп-оңай көре алады екен. Осыны талдау керек
Жұптасып тірлік етеді. Мекиені үш-төрт жұмыртқа табады. Көбіне тасқа ұялайды. Жұмыртқасын бір ай мөлшерінде басып, балапан шығарады. Балапаны бір жарым ай мөлшерінде ұядан ұшады. Сұңқарлар өз ауын (жемін) күндіз аулайды, ұшқан құстың көбіне қожа. Сұңқар өз жемін көбіне аспанда теуіп түсіреді. Кішігірім құстарды жерге жеткізбей, қайта оралып, іліп әкететін кездері де болады. Қонақтаған құстарды өздері үркітіп барып, теуіп түсіретін сәттері де жиі, Қоян сияқтыларды қашып бара жатқанда-ақ тебеді.