20 ! "білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар"-тақырыбына эссе керек

Вадим8383 Вадим8383    1   27.04.2019 13:21    10

Ответы
CorrupteD CorrupteD  28.03.2020 15:35

"Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар"

Объяснение:

Расында да, біз жоғары білімді ұлтты қалыптастыра отырып, бәсекеге лайықты ел бола аламыз. Білім еш уақытта құнсызданбайды, ол мыңды жығатын, әлемді бағындыратын күш. Қазіргі заман тек сауатты болуды аздық етеді, ол әлемді бағындыратын, адамзат үшін жағдай жасайтын деңгейге жетуімізді талап етеді. Соның ішінде, қоғамдағы білім беру институттарының алар орны ерекше. Әсіресе, жоғары оқу орындарының жастардың инновациялық тұлға болып қалыптасуында атқарар  ролі өте жоғары.Қазіргі заман жаңалықтарды жылдам қабылдап, жылдам енгізуді талап етеді. Бүгінгі инновация, ертең ескіге айналуы әбден мүмкін. Сондықтан, қоғам мен білім беру институттарының үздіксіз байланыста болуы қажет. Әрине, білім – басты капитал. Дегенмен осы білімнің әрдайым сұранысқа ие болуы үшін ол толықтырылып, жаңарып, жетілдіріліп отырылуы тиіс. Еліміздің, жеріміздің ерекшеліктерін ескере отырып, инновациялық қоғам құру – осы білімге келіп тіреледі.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi