2.Жазылым «Тіл-қазына» деген пікірмен келісесіз бе? 100 сөзден тұратын эссе жазыңыз.

Эссе мазмұнына сай көмекші есімдерді, сын есімдерді орынды қолданыңыз.

Оператор2288 Оператор2288    3   01.11.2020 10:39    1

Ответы
shukur3 shukur3  01.11.2020 10:40

Тіл – ұлттың жаны, рухы, оның бет-бейнесі, өткені мен бүгіні және болашағы. Ғұлама ғалым А.Байтұрсынұлы: «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады»,– деп тілдің ұлт үшін қандай маңызды екенін бір-ақ ауыз сөзге сыйдырған. Әлемде жаулап алушы елдердің озбырлығынан, үстемдігінен қаншама тіл жоғалып кетсе, қаншама тіл жоғалудың аз-ақ алдында тұрғаны мәлім. Сондықтан қазіргі жаһандану дәуірінде аз ұлттар мен ұлыстар өз тілдерін қорғап қалуға барынша күш салуда. Қазақстан Республикасы қазақ тілінің ғана емес, қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен ұлыстардың тілінің дамуына барынша жағдай жасап отыр. Елбасымыздың 22- қыркүйекті «Қазақстан халықтарының тілдері күні» деп жариялау да сол мақсаттан туған.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi