2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ 5 «А» сынып Күні:
Аты-жөні:
Тыңдалым
Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
1. Мәтіндегі тірек сөздерді анықтаңыз (3 cөз немесе сөз тіркесі).
[1] [ ]
2. Әлемдегі ең ірі кітапхананы атаңыз.
[1] [ ]
3. Кітапхана қай қалада орналасқан және қай жылы құрылды?
[1] [ ]
4. Кітапханада қай елдің туындылары сақталған?
[1] [ ]
5. Мәтіннің негізгі тақырыбын анықтаңыз.
[1] [ ]
Оқылым
Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Су - тіршіліктің көзі. Психолог Масару Эмото: «Судағы таза энергия көп ауруларға ем болады», - дейді. Мысалы, су денемізге азық пен оттегін тасымалдайды, ұйқыны қалыпқа келтіреді, көздің жақсы көруіне ықпал етеді, иммунитетті күшейтеді. Дәрумендер мен минералдардың таралуын реттейді. Әрі судың денені жарақаттанудан қорғайтын қасиеті де бар екен.
Үлкен адамның денесінде 40-50 литр су болады. Қанның 83 пайызы, бұлшық еттердің 75 пайызы, мидың 74 пайызы, сүйектердің 22 пайызы судан тұрады. Ал денеде 20 пайыз су жетіспесе, ол ағзаға қауіп төндіреді екен.
Ғалымдардың зерттеуінше, Жер бетінің 70 пайызы судан тұрады. Бірақ соның тек 3 пайызы ғана ішуге жарамды. Ал ауыз судың 2 пайызы мұздықтарда сақталған. Сондықтан адамдар оны қолдана алмайды. Сонда ғаламшардағы адамдардың барлығы тек 1 пайыз ғана ауыз суды пайдаланады. Сол себепті жер бетіндегі халыққа су қоры жетпейді, әлемде су тапшылығы мәселесі бар.
Ол, әсіресе, Африка және Қытай елдерінде байқалады. Судың жетіспеуінен жер бетінде мыңдаған адамдар түрлі ауруларға шалдығады. Осы ғаламдық мәселе болса да, адамзат суды үнемдеуді ойламайды.
(156 сөз)
1.Судың қандай қасиеті ауруларды жазады?
А) минералдарды реттеуі
В) иммунитетті күшейтуі
С) түрлі қалыпта болуы
D)таза энергиясы [1] [ ]
2.Судың жетіспеуі ағзаға ...
А) күш түсіреді.
В) қатер төндіреді.
С) пайдалы болады.
D)оттегін тасымалдайды. [1] [ ]
3.Су тапшылығының адамзатқа кері әсері қандай?
А) адамдар ауруларға ұшырайды
В) емдік мақсатта қолданады
С) суды үнемдеуді түсінеді
D)мұздықтарды ерітеді [1] [ ]
4-5. Сөздерді дұрыс орналастырып, қосымшаларды түрлендіріп, сөйлем құрап жазыңыз.
4. Ауру, адам ағзасы, қорғау, су, түрлі
[1] [ ]
5. Жаһандық, ғаламшар, мәселе, үлкен, су тапшылығы, әкелу
[1] [ ]
Жазылым: Сан есімдерді қолдана отырып, қазақ тарихындағы өзіңіз үлгі тұтатын батырдың ерлігін тарихи кезеңмен сипаттап жазыңыз (60-80 сөз).
[10] [ ]
Айтылым: Берілген тақырыптардың бірін таңдап, жұпта диалогке түсіңіз (әр білім алушыға 2 минут).
Диалог тақырыптары:
1. Тұмар ханшайым туралы аңыз
2. Қазақ елінің мәдениеті
3. Су - тіршілік тірегі
4. Судың адам ағзасына пайдасы
5. Мектеп кітапханасында
6. Кітапхана және интернет
[10] [ ]