2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар Бөлім «Достық пен татулық - таптырмас бақыт»

Оқу мақсаты

8.1.6.1 Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап беру

8.2.5.1 Пікірталасқа қатысушылар берілген тақырып бойынша өз пікірлерін сенімді дәлелдеу және қойылған сұрақтарға еркін жауап беру

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Мәтіндегі ақпараттарды сәйкестендіреді, сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша нақты жауап береді

• Өз ұстанымына қатысты дәлелдер ұсынып, сұрақтарға жауап береді

Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі

Орындау уақыты 15-20 минут

Тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырманы орындаңыз.

Бір тойым болатыны сөзсіз менің,

Дәл қай күні екенін айта алмаймын...

Мен әйтеуір бар жиған-тергенімді,

Бір тамаша той қылып өткеремін.

Біздің үйді сол күні бетке ал, қауым,

Нысанаға ап қуаныш тоқталмауын.

Мен бұл тойдан тілеймін жылап тұрып,

Қазанымда бір асым ет қалмауын...

1. Мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беріңіз.

 Ақын тойына кімді шақырады?

 Өлеңде ақынның қандай тілегі көрінеді?

 Автор бойындағы қасиеттерді жазыңыз

2. «Досы көпті жау алмайды...» деген пікірмен келісесіз бе әлде келіспейсіз бе? Өз ойыңызды дәлелдеу үшін бірнеше аргумент ұсыныңыз.

Дескриптор

1 тапсырма

Берілген сұрақтарға өлең мазмұны негізінде жауап жазады;

2 тапсырма

нақты ұстанымын көрсетеді;

ойын аргументтер арқылы айтады.

margaritamaurses margaritamaurses    2   07.12.2020 07:07    5

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi