2-тоқСАН БОЙЫНША жиынтық БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 10-сынып «Ұлттық экологиялық мәдение»,«Мүхит-тіршілік мекені» болімі бойынша жиынтық бағалау Жылына Біздің жер шарының үстіңгі қабатының 70%-дан астам колемін мұхиттар мен теңіздер алып жатыр,олар атмосфераға әсер етеді және пайдалы қазбалар мен тагам коздері болып табылады. Олар Жер жүйесінің ең өнімді экологиялық жүйесі болып табылады да бүкіл әлемдік балық аулау кәсібінің 80%-ын қамтамасыз етеді.Мұхит планетадағы өмірдің бесігі және оның экологиялық негізі.Планетаның бір тұрғынына орта есеппен алғанда 311млн. тонна шамасында су мөлшерінен келеді. Атмосфераның газдық балансындағы әлемдік мұхит фитопланктондарының ролі жоғары. Ол оттегінің негізгі көзі. Заманымыздың аса ірі проблемаларының бірі— антропогендік әсердің салдарынан көміртегі циклінің қалыптан тыс ғаламдық бұзылуының орын алуы. Биосфераға антропогендік іс-әрекеттер барысында түсетін C02-ні мұхиттағы тірі ағзалар сіңіреді. Әлемдік мұхиттың адамзат өміріндегі рөлі сан алуан.Ол орта түзуші, кәсіптік, шикізаттық рекреациялық көлік және т.б. қызметтерді атқарады. Әлемдік мұхиттың маңызын қарастыра отырып, балық аулау және теңіз кәсіптерінің маңызды рөл атқаратынын көреміз,олардан түсетін жылдық табыстың көлемі 55млрд. доллардан асады. Кеме көліктері атқаратын халықаралық сауда қызметтерінің жылдық мөлшері 150млрд.доллардан асады. Ол теңіз көлік қызметі динамикасының жоғары деңгейімен және салыстырмалы түрде төмен құнымен ерекшеленеді. Теңіздер мен мұхиттар бүкіл адамзаттың игілігі, бұл игілікті сақтау көбіне табысты халықаралық ынтымақтастыққа тәуелді.Бір өкініштісі,бірнеше елдерден ағып өтетін ірі өзендер мен теңіздерді қорғау жөніндегі халықаралық келісімдерді ратификациялау және бақылау жұмыстарында кездесетін қиындықтар аз емес. Тұщы су қорларының азаюы да маңызды мәселе. Бұл мәселелер ЮНЕСКО-да қарастырылады. Тапсырма 1.Мәтінге жоспар құрыңыз. 2 ұпай 2.Мына сөздердің синонимдерін, антонимдерін мәтіннен тауып, анықтаңыз: 4ұпай Синонимдер Антонимдер Кемуі- Астыңғы- кіріс- Жоғары- Көбею- күллі- Ұсақ- тіршілік- 3.Есімдіктерді теріп жазып, мағыналық түрін көрсетіңіз 2 ұпай 4. Ұсынылған сөйлемдерді перифраз тәсілімен өңдеп қайта жазады: А)Теңіздер мен мұхиттар бүкіл адамзаттың игілігі,бұл игілікті сақтау көбіне табысты халықаралық ынтымақтастыққа тәуелді Б) Әлемдік мұхиттың адамзат өміріндегі рөлі сан алуан. 2 ұпай 5.Әлемдік мұхиттың адамзат өміріне маңызы және оны пайдалану үшін сақтап қалу жайында эссе жазу (80сөз) бұпай Пайдалы лексика: біріншіден, (екіншіден), оған қоса, бір айта кетерлігі, нәтижесінде, қорытындылай келе, атап айтсақ, бір жағынан, басқа жағынан қарастырсақ, сонымен қатар, сондай-ақ, сондықтан, алайда, дегенмен, түйіндесек, қазірде,

timurbir1 timurbir1    2   14.12.2021 05:47    2

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi