Қазақтың ішсе – асы, кисе – киімі, мінсе – көлігі, тұтынса – бұйымы, берсе – сыйы, дауласа – құны болған төрт түлік мал көшпенділер тіршілігінің тінін құраған, өмір салты мен дүниелік танымында зор маңызы болған. Қазақтар әрқайсысының жаратылыс ерекшелігіне сай азығы мен жайылымы, күтімі мен бабы бөлек болатынын ертеден-ақ білген. Соған сәйкес жыл он екі ай мал қамын жасап, суыққа ұрындырмай, аптапқа қаталатпай, бабын таба білген. Төрт түлік малдың оттауы мен жусауына, жайылысы мен желдеуіне, шабысы мен шалысына қарап, олардың табиғи қасиеттерін ажыратқан. Ел аңызында жылқының – желден, түйенің – сордан, сиырдың – судан, қойдың – оттан, ешкінің – тастан жаралғаны айтылады. «Мұнымен қоса ел ішінде түйе күннен, ешкі атасы шығыпты шырмауықтан деп те айтылады. Ал ескілікті дүниетанымда қой баласы тіпті бұдан да көп текте сипатталады. Мысалы, қой – бейіштің малы, қой – көктен түскен көк қошқар, қой атасы жантақтан өсіпті, қой Меккеден шығыпты деген де сөз бар. Бұл аталғандардан ата-бабаларымыздың қой түлігінің шығу тегін тек отпен (яғни орта әлеммен) ғана емес, аталған тұтас төрт тектің (яғни тұтас үш әлемнің) бәрімен байланыстыратынын көреміз» (1,3). Осы түсінік бойынша әр малдың өзіндік қасиетін өмір тіршілігіндегі қажетіне жаратып отырған. Мәселен, суық тигенде қойдың құйрық майын денеге жаққан, сынған сүйекті салуда жылқы қазысының майы қолданылған. Ал түйе сүті шұбат бойға нәр беріп, тоғайтса, жылқы сүті қымыз көңілді көтеріп, бойға қуат қосқан. Қорғасын саналған қойдың етіне қарағанда, сиыр еті қорытуға жеңіл келетіндіктен, әлсіз науқастарға жұмсақ етіп, пісіріп ұсынған.
түлік – мал: түйе, жылқы, қой, сиыр. Қазақ халқы осы төртеуін төрт түлік деп атаған. Ауыз әдебиетінде “төрт түлік малды құрадың” деген тіркес жиі кездеседі. Бұл дәулетіне сәулеті сай адамдарға арналып айтылған. Мысалы, “Байбөрі деген бар екен, Байбөрі малға бай екен, Төрт түлігі сай екен...” (“Алпамыс батыр” жырынан). Халық төрт түліктің әрқайсысының сақтаушы иесі бар деп ұғынып, оларды ойсылқара, қамбар ата, шопан ата, зеңгі баба деп атаған. Төрт түлікті кейде жұп (аша, айыр) тұяқ, тақ (тік) тұяқ деп те атайды. Қазақ төрт түліктің ішінде түйе малын байлық ретінде де, көлік ретінде де, азық ретінде де қатты қастерлеген. “Нар жолында жүк қалмас” деген мәтел осының айғағы. “Ат – ердің қанаты”, “Мінсең – көлік, жесең – ет” деп жылқы малын да аса жоғары бағалаған. Сондай-ақ қой мен ешкі, сиыр малының да өзіне тән ерекше қасиеттері болатынын ұмытпаған.
Көшпелілердің, оның ішінде қазақтың төрт түлік малдың ішіндегі қастерлеп, пір тұтатыны – жылқы. Жылқы көшіп-қонуға төзімді әрі ыңғайлы, қысы-жазы жем-шөп тілемей жайылады.Оның азығы (жемі, шөбі) өзге малдан әлдеқайда асыл.Сол себепті де оның еті де,сүті де денсаулыққа шипалы екендігі ерте кезден – ақ белгілі. Жылқы бетегелі, көделі, селеулі, қауданды жерде жақсы өскен.Қазақ даласының батысында Мұғалжар тауынан басталып, Сарыарқаны қуалай отырып, аяғы Батыс Сібірге тірелетін кең өлкесінде жылқы малы көп өсірілген. Қазақтың жылқымен қатар ұстаған малы – түйе.Қазақта «Түйелі бай қонады сортаңды алып» деп басталатын өлең бар.Бұлай деудің себебі, ертедегі түйелер байлар суы тұзды көлдердің, теңіздердің, өзендердің бойларына, өсімдігі ащы, сортаң жерлерге қонатын болған. Түйе-жүк көлігі.Көшпелілердің, солардың ішінде қазақтың, ғасырлар бойы көбінесе жүгін көтерген мал-түйе.Оның ішінде ең төзімдісі әрі мықтысы – жалғыз өркешті нар.қазақтың «Нар жолында жүк қалмайды»деуі содан.Түйе жолға да шыдамды.Оның жейтін ащыларының ішінде тұз да бар. Түйенің етін бұл түлікті бақпайтын ел ұнатпайды, ал бағытындары оған құмар
Объяснение: