2-тапсырмаМәтінді оқып, үстеу сөздерді табыңдар. мәтін
Кешегі күні бойғы әрекеттен кейін, тұяқ серіппей қатып ұйықтап қалыппын. Әжем жұлқылап оятты.—Қожа. Қожатай. Әкем-ау, сен бүгін сабағыңа бармаушы ма едің?Көзімді ашып алып, қабырға сағатқа қарасам, сегізге он бес-ақ минут қалған екен. Атып түрегеліп, тез киіндім де, беті-қолымды шайып жіберіп, бір кесе айранды тікемнен тік тұрған күйде қотара салдым. Кеше титықтап келіп, сабақ қарауға мұршам болмап еді. Бүгінгі болатын пәндерді сумкама асығыс салып алдым да, мектепке жүгірдім.