2-тапсырма. Жұмбақтарды шешіңдер. Сан есімдерді тауып, оларды мағы-
налық топтарына қарай бөліп жазыңдар.
1. Қос қазық, екі желі, сегіз ноқта, 4. Таңертең – төрт аяқты,
Сөйлейді шежіредей адам соқса.
Түсте — екі аяқты. |
Кешке - үш аяқты.
2. Екі тышқан бірлесіп кесіп-пішіп береді,
Екеуі бірге жүрмесе, жоқ қой бізге керегі.
3. Көлемді, үлкен, алып аузын ашып,
Жүреді он екі аяқ қадам басып.
Әр бірінде отыздан бармағы бар,
Құтылмас ешбір адам одан қашып.
5. Он көзі бар өзінде,
Он саны бар көзінде.
Көзіне саусақ саласың,
Жырақтан хабар аласың.