2-тапсырма. Тірек сөздер арқылы негізгі ойды анықтап, 3-4 сөйлеммен түсіндір. Жол белгілері. Жаңа ережелер. Жол қауіпсіздігі. Ескерту белгілері. Басымдылық белгілері. Тыйым салу белгілері. Міндеттеу белгілері. Ақпараттық-көрсеткіш белгілері. Қызмет көрсету белгілері. Қосымша тақтайшалар. Мама, бүгін бес алдым, барлық сабақтан!..
Қырмызы өзінен бірер жас кіші сіңлісін ертіп, анасының берген байғазы ақшасына дәріханадан гематоген сатып алады. Дүкендегі кәмпиттерден гөрі осы қызыл-қоңыр тәттіні ерекше ұнататын-ды. Әпкесінің «Бестік» алған күндері кішкентай сіңлісі үшін де бір мереке еді...
Басына байлаған ақ бантиктері желкілдеп, өмірдің әр қалт еткен көрінісінен қуаныш көріп жүретін ол бір ғажап күндер еді-ау!.. Қырмызы әжесінің баласы еді. Ол кісінің сөз саптауы мен ой-пайымын бала Қырмызы аудыртпай қағып алатын-ды. Әжесінің әр сөзі оған саф алтындай қымбат және әр уақытта орынды болып саналатын.
- Менің шешем өте көрікті кісі болған еді... Сен соған тартқансың. Балапаным-ай, кейде осы көркіңнен де қорқам...
- Неге, әже? Сұлу болған жаман ба?
- Жарқыным-ай, жақсы ғой, тек... жамандығы да бар.
- Неге?..
- Болды, қазымыр болма, ол баланың ойыны емес!
- Айтшы, әже, сұлу болған неге жаман? Ұлдар бұрымыңнан көп тартқаны үшін бе?
- Е, жалған-ай... Сенің екеу болғаныңды көріп, маңдайларыңнан сүйіп барып өлсем - арманым болмас еді...
- Әже, сіз ешқашан да өлмейсіз, егер өлсеңіз сізді мен жүрегіме салып ап ешкімге көрсетпей, өзіміз ғана өмір сүреміз.
- Балапаным менің, кішкентай ақымағым... Е, Аллам, тіл-көзден аман ете гөр, бұлардың көз-жасын көрсетпе маған...

Dafran Dafran    2   10.03.2021 15:23    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi