2-тапсырма.Тұрақты тіркестерді бір бөлек, мақал-мәтелдерді бір бөлек топтастырып, мағынасын табыңдар. Отан – елдің анасы, ел – ердің анасы, батырға да жан керек, жүрек жұтқан, жауға жарақсыз барма, қаруыңды күтпей қапы қалма, көзі шарасынан шығу, зығырданы қайнау, көз жазып қалу, құлаққа құрған танадай, ерлік білекте емес жүректе, жүрек жұтқан, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман, көзге түртсе көргісіз, қанды соғыс ерге сын, қаптаған жау елге сын. көрер таңды көзімен атыру, ерлік пен бірлік жеңіске жеткізеді, рухы көтерілу, батырды жауда, шешенді дауда сына.