2-тапсырма Төменде берілген әр сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз. Сөйлемдерді берілген сөздермен бастаңыз. Мысалы: Қатты шошынған аурулардың басына бүркіт қондырып емдейтін салт бар. Бүркітті Бүркітті қатты шошынған аурулардың басына қондырып емдейтін дәстүр кездеседі. Жауабы: 1.Біздің қазақтардағы үкі тағу да – «адамды қорғап жүрсін» деген ырымның бір нышаны. Адамды [1] 2. Қазақтар құстың саусақ, тырнақтарын тұмар ретінде де аса қастерлеп қолданған. Тұмар ретінде [1] 3. Бүркітке «жамандық жоламайды» деп қазақтар балалардың бас киіміне, бешпетінің алдыңғы өңіріне бүркіт тұяғын таққан. Қазақтар [1] 4. Түрік тектес этностарда «құс тұмсық», «құс мұрын», «құс қанат», т.б. қыран құстардың бейне келбетін кескіндеген ою-өрнектер көп. Қыран құстардың [1] 5. Қазақ балаларына, жер-суға көп қойылатын бүркітке байланысты аттар осы құсқа қатысты байырғы наным-сенімнің тікелей әсері деп бағалауға болады. Бүркітке байланысты [1]