2-тапсырма. Төменде берілген әр сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз. Сөйлемдерді берілген сөздермен бастаңыз
Мысалы:«Жер – өмірдің бесігі, Еңбек – ердің несібі», - дейді қазақ халқы.
Қазақ халқы
Жауабы:Қазақ халқы өмірдің негізі жер екенін, адамның несібесі еңбек екенін айтқан.
1. Солардың бірі – Қызылорда облысында күріш өндірумен айналысатын - «Абзал және
К» ТС-і.
«Абзал және К» ТС-і
2. Ауыл шаруашылығы өнімін шығару арқылы да үлкен жетістікке жетуге болатынын
дәлелдеп отырған бұл өндірісті жас кәсіпкер Мағжан Ералиев басқарып отыр.
Жас кәсіпкер Мағжан
3. Компания Нағи Ілиясов ауылындағы арнайы жерлерінде күріш егеді де, алынған
өнімді өз зауытында өңдейді.
Нағи Ілиясов ауылындағы
4. Компания қазіргі таңда күріш өндірушілердің үздік үштігінің қатарына қосылды.
Қазіргі таңда
5. Жыл сайынғы өткізілетін «Туған жерге тағзым» жобасының төңірегінде компания туған
жері – Н.Илиясов ауылының дамуына үздіксіз үлес қосып келеді.
Компания
6. Компанияның қолдауы нәтижесінде бұл ауыл республика көлеміндегі озық ауылдар
қатарына қосылып отыр.
Ауыл
ответить на вопросы