2-тапсырма. Мына сұрақтарды топ болып талқылаңыздар: а) Қазақстан-Қырғызстан Республикаларының бірлесіп жасаған телефильм, киноларын білесіз бе?
ә) Тағы басқа мемлекеттермен бірлесіп жасалған кинофильмдерді білесіз бе?
б) Теле жөне радио бағдарламаларда алмасу бар ма?
в) Спорт саласында жаттықтырушылар мен маман алмасу бар ма?
3-тапсырма. Досыңыздан, көршіңізден елдер арасында спорт саласындағы ынтымақтастық туралы сұхбат алыңыз:
а) Соңғы кездерде немесе өткен жылдары Қазақстанда қандай халықаралық спорт ойындары өткізілді?
ә) Бұл спорт ойынына қандай мемлекеттерден спортшылар келді?
б) Өзіңіз қандай спорт түрін жақсы көресіз?