2-тапсырма. Мәтіннен жаңа сөздерді (неологизм) жазыңыз. 5-6 сөз
Астана - есем қала
1998 жылдың 10 маусымында Қазақстанның жаңа
елордасы – Астана қаласының салтанатты тұсаукесері
болды. Республикамыздың жаңа астанасының
құрылысына итальян, түрік, швейцариялық құрылыс
фирмалары қатысты. Астана Қазақстан
Республикасының Еуразиялық мемлекет екендігін
айқындай түсуде.
Астана қаласында алғашқы кезеңде Конгресс-холл, Л.
Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,
ықшамаудандар, қонақүйлер мен мейрамханалар
салынып, Абай мен Кенесары ханға ескерткіштер
орнатылды. Қала ортасын қақ жарып өтетін Есіл
өзенінің жағалауы көркейтіліп, Елбасының
резиденциясы – Ақорда, «Нұр Астана» мешіті,
Бейбітшілік және келісім сарайы, Бәйтерек
монументі, океанариум, жаңа алаңдар мен саябақтар
бой түзеді. Есілдің сол жағалауында тұтастай тұрған
кварталдар, Үкімет пен парламентке арналған
әкімшілік ғимараттары, министрлік үйі салынды.
Астана қаласы дамуының екінші кезеңінде
Тәуелсіздік сарайы, «Қазақ елі» монументі, «Астана
Опера» мемлекеттік опера және балет театры,
Орталық концерт залы, Назарбаев университеті,
«Ұлттық мұражай», «Ханшатыр» бірегей сауда ойын-
сауық орталығы, дәл ортасында диаметрі 80 метрлік
«Нұр Әлем» шар тәріздес 62 сферасы орналасқан
ЭКСПО орталығы және Нұрсұлтан Назарбаев
халықаралық әуежай ғимараты салынды.
Астана – барша қазақстандықтардың ортақ
мақтанышы, болашақтың қаласы. Онда жыл сайын
халықаралық форумдар, фестивальдар, конгрестер,
концерттер, тұсаукесерлер мен түрлі шаралар
өткізіледі.​

Anna282005u Anna282005u    3   12.12.2020 06:00    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi