2-тапсырма.Мәтіннен тірек сөздерді тауып жаз және сөйлем құрастыр.

Мамырдың он үші

Сынып жұмысы

Хамза Есенжанов

Жаңа сөздер:

жарияланды – опубликовали

заңды – законный

марапатталған – награждён

1-тапсырма. Мәтінді оқы.

Есенжанов Хамза (1908–1975) - 25 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысындағы бұрынғы Чапаев ауданында туған. Алматы зоотнехния–малдәрігерлік техникумын (1928), Абай атындағы Қазақ педагогика институтын бітірген (1933).

1937 жылдан Қазақ мемлекеттік филармониясының, кейін Қазақ академиялық Опера және балет театрының директоры қызметін атқара жүріп, ҚазПИде орыс әдебиеті тарихынан сабақ берді. 30жылдары «Өлеңтінің жағасында», «Қызыл құмақ», «Күшке күш» сияқты әңгімелері және «Жер шарында» атты сахналық шығармасы жария умаляю

1956 жылдан қаламгерлік өнімді еңбек жолын бастады. «Ақ Жайық» трилогиясы (1кіт., 1957; 2кіт.,1959; 3кіт., 1965) Батыс Қазақстандағы тұтас бір кезеңнің оқиғаларына арналған. 1963 жылы трилогияның заңды жалғасы болып табылатын «Көп жыл өткен соң», ал 1971 жылы «Ағайынды Жүнісовтер» романдарын жазды. Өмірінің соңғы жылдары «Қарт қазақ», «Жайын ілерде», «Жар», т.б. әңгіме, очерк, әдебисын мақалалар жазды.

1978–1981 жж. жазушының 6 томдық шығармалар жинағы шықты. «Ақ Жайық» романы орыс тіліне аударылып, одақтық, республикалық баспалардан (1964, 1969, 1973) жарық көрді. Ол М.Шолоховтың «Тынық Дон» («Тихий Дон») романының 1 және 4кітаптарын, И.С.Тургеневтің «Рудин», И.П.Шуховтың «Өшпенділік» романдарын, А.С.Пушкиннің «Дубровский» повесін, т.б. шығармаларды аударды.

Абай атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.

paatalizip08mh2 paatalizip08mh2    2   13.05.2020 17:16    2

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi