2-тапсырма. Мәтіннен үстеуді тауып, синонимдерін жаз. Аяғында, ауылдан әбден ұзап шықты. Бірақ әлі онша жақындаған жоқ. Түйе енді ақырын жүре бастады. Таңертең ерте Тұрсекеңдікіне түскен екен. Раушан мүлдем көңілденіп кетті. Қарағандыдағы Лизалардың тойына әдейілеп академик келді. Амалсыздан сол әнді айтуға тура келді. Әрең дегенде ауылдың шетіне келіп тоқтадық. Оның бейіті Ұлытаудың бөктерінде алыста қалды. Аққасқаны Қасен мен Бейсенбай зорға дегенде айрып алды. Дереу бізді көріп, бет-бетімен үйге тарқаса бастады.