2-тапсырма.  Мәтінге сүйене отыра, 6 сұрақ құрастырыңыз. (Составьте 6 вопросов, опираясь на текст) Климаттың өзгерулері - түгелдей жер бетінде немесе оның ірі аймақтарында климат жағдайларының ұзақ бағытты (он жылдан астам) немесе ырғақты (геологиялық уақытта, тарихи уақытта) өзгерулері. Палеогеографиялық зерттеулердің негізінде анықталған геологиялық климаттың өзгерулері Жер тарихында ұзаққа созылған жылы және суық кезендердің болғанын дәлелдейді. Көбінесе метеорологиялық байқаулардың негізінде, қазіргі Климаттың өзгерулері кейінгі ондаған (кейде жүздеген) жылды қамтиды және циклді сипатта болады. Әр түрлі себептерден туындаған ұзақтығы 11, 35, 80—90 жылдарға созылған, сондай-ақ ғасырдан асқан климаттык ырғақтар (мысалы, 1800—1900 жылдық ырғақтар) және т.б. анықталды. Климаттың Күн активтілігінің ғасырлық және ғасырдан ұзақ өзгерістерімен байланыстары туралы болжамдар бар. Климаттың өзгерулері әр түрлі дәрежеде табиғи ортаның барлық құрам- бөліктері мен ауыл шаруашылығы өндірісіне әсер етеді.​

УмНяша01 УмНяша01    3   27.10.2020 16:22    0

Ответы
grkhkt grkhkt  26.11.2020 16:23

1)Климат өзгерулері деген не?

2)Жер тарихында ұзаққа созылған кезендер нешеге бөлінеді?

3)Климат өзгерулері нелерге әсер етеді?

4)Климаттық Күн активтілігінің қандай өзгерістермен байланыстары туралы болжамдар бар?

5)Әр түрлі себептерден туындаған ұзақтығы қанша жылға созылған?

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi