2-тапсырма. Мәтінге мән беріп оқыңыз, аударыңыз. Жаңа сөздерді дәптерлеріңізге
жазыңыз.
Кемпірқосақ
Кемпірқосақ жаңбыр жауғаннан кейін көрінетін таңғажайып сұлу
табиғат көрінісі. Ежелгі түріктер оны жаман нышан ретінде қабылдаған.
Кемпірқосақ Көк пен Жердің арасына тартылған көпір, өлгендердің
жандары соның бойымен басқа әлемге көтеріледі. Бұл сөз кемпірдің қосағы
дегенді білдіреді. Кемпірдің қосағы – ұзын арқанмен мойындарынан бір-
біріне тіркеп байлаған қой, ешкілер тобы. Әлі күнге дейін жайлауда, қой-
ешкілерді саумас бұрын жан-жаққа бытырап қашып кетпес үшін оларды
матастырып байлайды. Аспан елінде тұратын бай кемпір косағындағы
қойларын осылай жинап, ылғи жауыннан кейін сауады деп есептеледі. Ол
кемпірқосақтың көмегімен қойларды екі жағынан ілгекке іліп, қосақтап,
жерге байлап
ҚОЯДЫ. Қосақталған қойлардың түр-түсі сан алуан
болғандықтан, кемпірқосақ та түрлі-түсті. (Ежелгі Қазақстан мифтері, 212 б​

PesBarboss PesBarboss    1   18.11.2020 11:53    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi